$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақтың намысын таптадың»: өзге ұлт өкілімен жүрген тағы бір қазақ қызына шабуыл жасалды (ВИДЕО)

Жуырда ғана түрік жігітіне күйеуге шыққан қазақ қызының соңына түсіп, жұрттың ашуына тиген Жәнібек Иманмәзір есімді Facebook қолданушысы желіні тағы да шулатты. Бұл жолы да ол ұлтараздықты қоздыратын видеоматериалды өз парақшасына жүктеп, қазақ қыздарының өзге ұлт өкілдерімен көңіл жарастыруына қарсылығын білдірген.

Видео авторы автокөлік ішінде отырған жастарға келіп, қазақ қызының өзге ұлт өкілімен жүруге болмайтынын анайы түрде жеткізген.

«Мынау түріктің жігіті, мынау қазақтың қызы. Қазақтың намысын таптап, түрікпен бе, әзірбайжанмен бе отыр. Ей, атыңды айт, қай жақтың қызысың?» - деп тып-тыныш көңіл жарастырып отырған жұптың шырқын бұзды.

Видеоролик соңында ер азамат көлікте отырған екеуін әбден балағаттап, өзі кетіп қалады.

Еске салайық, Жәнібек Иманмәзірдің бұл алғашқы әрекеті емес. Бұған дейін ол түрік азаматына күйеуге шыққан қазақ қызын ұстап алып, әбден намысына тиген болатын. Бұл әрекеті үшін кейін Жәнібекті әлеуметтік желі қолданушылары жаппай сөкті. Тіпті, қылмыстық жауапкершілікке тартуға болатынын айтуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары