Бір күні үй маңындағы саябақтан өтіп бара жатып, орындықта телефонмен сөйлесіп отырған қызға назарым ауды. Аяғындағы бізтұмсық туфлиі онсыз да тартымды, ұзын аяқтарына көрік бере түскендей.
Шашы ұзын, қара торының әдемісі. Темекі шегіп алайын деп жанына жайғастым. Маған қарай көзін төңкерді де, телефонын жаба салып:
– Еркектер қалай осындайға барады? Мен оны шын сүйген едім ғой…
– Не болды сізге, қарындас? Не болғанын түсіндіріңіз…
Осылайша әңгімемізге арқау болған оның жағдайынан соң таныса бастадық.
Есімі Гүлдер, жасы 19-да, студент екен. Ішімнен менен 10 жасқа кіші екен деп ойладым. Мен ол кезде 36 жастағы сақа жігіт, білдей ,бухгалтер едім.
Ісім жүріп тұрған, ақша бар, үйім бар, өз қолым өзіме жеткен шағым. Өзім бойдақ болғаныммен де, жас ерекшелігімізге қарай оны ініммен таныстырғым келген. Бірақ, екеуі жарастық таба алмады. Жастығына, сұлулығына қызығып, оны ешкімге бергім келмеді.
Сөйтіп өзім кездесе бастадым. Гүлдер де қарсы болған жоқ.
Екеуіміздің қатынасымыз жылдам өрбіді. Үйге қонаққа шақырдық. Тәтем: «түрі жақсыдан түңілме, үйленіп ал«, дегесін шешем де құптады.
Осолайша танысқанымызға үш ай болар-болмас үйленіп тындық. Үйлену оңай, үй болу қиын деп бекер айтылмаған. Мен Гүлдерді көп нәрсеге үйретуіме тура келді. Тамақ пісіру, үйді таза ұстау, киім үтіктеу тәрізді әйелдер білуі тиіс қалыпты нәрселерді білмейтіні таң қалдырды.
Оның үстіне, жалғыз анаммен оның тіл табыса алмағаны жаныма қатты бататын. Ас бөлмесінде екеуінің ұрсысуы әдеттегі жағдайға айналды. Әйтіп-бүйтіп жүріп бірінің артынан бірі екі ұлымыз дүниеге келді. Күнделікті ана мен келіннің ұрыс-керісінен қашып мен көбіне тыста жүргенді қалайтынмын. Достарыммен қарта ойнап, қызықты сырттан іздедім. Бір рет тіпті Гүлдер басқа қызбен жүретінімді телефон арқылы біліп қойды. Танысу сайтында менімен басқа қыз болып танысып, кездесуге шақырып, тағы бір өтірігімді әшкереледі.
Сөйтіп жүргенде анам қатты ауырды. Миына қан кетіп, бірінші талмасы ұстағанда артық жүріс-тұрыстарымды түгел тастадым. Жұмыстан босай алмай, бір күні Гүлдерге анама дәрісін сатып әкеле салшы дегенмін. Кешке үйге келсем, анам бөлмесінде қиналып жатыр. Гүлдер үлгермегенін айтты. Мен оны кінәләп, бір сәтте екеуіміз ұрсыстық та қалдық.
– Өлмесе өмірем қапсын! Маған десе, өліп қалсын анаң!
Гүлдердің бұл ауыр сөздерінен соң оны үйден қуып жіберген едім. Бірақ біршама уақыт өткесін балаларым үшін екеуіміз қайта табыстық. Тағы біраз уақыт өтті. Төртінші қабатқа көтеріліп келе жатсам бір жас жігіт:
– Мен сіздің әйеліңізді сүйемін! Сізбен сөйлесейін деп едім…
– Менің сенімен сөйлесетін уақытым жоқ!
Үйге кіріп, Гүлдерден сұрасам, бұл жігітпен екеуіміз бөлек тұрған екі айдың ішінде танысқан екен. Сол уақыттан бастап, Гүлдер ұят дегенді ұмытты. Әлгі жігіт үйдің алдына келеді, Гүлдер жүгіріп шығады. Екеуі бірінші қабатта, «подьездің» жанында шүйіркелесіп, кейде сүйісіп тұрады. Мен, балаларым, ауру анам төртінші қабаттан осының бәрін көріп тұрғанша көзіміз шығып кеткені абзал еді. Себебі, осы жағдайдың барлығын көршілер көріп, біліп жүрді. Менің олардың көздеріне қарауға бетім жоқ.
Гүлдер күнара «жігітімен» кездесуден соң үйге кіріп, тамағын әзірлеп, ыңылдап ән салып, түк болмағандай жүре береді.
Гүлдер анама қарауды мүлдем қойды. Бейне бір ол кісі жоқ тәрізді.
Балалар сабақта болатын. Мен бір қағазымды ұмытып кетіп, үйге келдім.
Келсем, біздің төсекте Гүлдер мен әлгі жігіті екеуі ләззәтқа батып жатыр. Гүлдер ойнасының үстіне мініп алған. Анау біресе оның санынан, біресе омырауынан ұстап, рахатқа батып жатыр…
Анам көрші бөлмеде, бәрін естіген болар.
Осы оқиғадан соң Гүлдермен әрине, ажырастым. Кімді кінәләймын?
Өзім де жүріс жүргем жоқ па? Мен оған кінә таға алмаймын.
Себебі соңғы кездері Гүлдерге көңіл бөлуді қойғаным рас.
Бірақ, мен еркек емеспін бе? Ал әйелдер осындай анайылыққа барады деп ешқашан ойламаппын. Енді міне, мен жалғызбасты еркекпін.
Балаларым әлгі нақсүйеріне кеткен Гүлдермен бірге. Анам әлдеқашан қайтыс болған.
Баяғы алып-ұшқан кеуде, аласұрған көңіл жоқ. Кейде тіпті өмір сүргім де келмейді…
Дереккөз: 365info.kz