Англияда секс-қызмет көрсететін бордель ашылды. Онда тауардың ақшасын бермей тұрып, оның сапасын тексеріп алуға да мүмкіндік бар.
Мұндай орынды ашуды 40 жастағы ағылшын азаматы Грэхемнің өзі ойлап тауыпты. Ол тұтынушыларға 130 долларға қуыршақты 1 сағатқа жалға беріп, тексеріп көруі үшін 2 адамдық жатын орынды да сыйлайды. Сатып алушы секс-қызметкерін осы уақыт аралығында әбден сынап көре алады деп жазады Sun.
Егер қуыршақ көңілінен шықса, тұтынушы оны өз бағасынан да жоғары сомаға сатып алып жатады екен. Грэхем бұл тауарларды Калифорния штатының Сан-Диего қаласында орналасқан Realbotix секс-роботтарын шығарушы компаниядан сатып алғанын айтып отыр.
Кәсіп иесі басқа еркектермен жыныстық қатынаста болған қуыршақтардың да сұранысқа ие екенін айтады. Тұтынушылардың тек 30 пайызы ғана пәк қуыршақтарды сұрайтын көрінеді. Грэхем болса бұл қуыршақтарды секс индустрияның болашағы деп есептейді.
«Мен секс-робот индустриясын халық жақсы қабылдайтынын білгенмін. Кейбірі бір күнге алады да ертесі сатып жібереді. Ал, енді бірі үйленіп те жатады осы қуыршақтарға», – дейді идея авторы.
Секс-роботтарды жасаушы биыл әйелдер үшін де арнайы қуыршақ шығаруды жоспарлап отырғанын жасырған жоқ.