Осы ай басынан бері Қарағанды облысында сары аурумен ауруханаларға 43 адам түскен. Оның 31-і мектеп оқушылары деп мәлімдеді КТК телеарнасы.
Ал, осының ішінде 14 оқушы бір ғана қаладағы №58 орта мектепте оқитындар. Теміртаудың да бір мектебінен 3 бала ауруханаға түскен. Мамандар сары ауруды тоқсанараралық демалыстан шыққан балалар жұқтырып келуі мүмкін дейді. Таралу ошағы бір жерде дейтіндей емес, облыс бойынша бірнеше қалалардың оқушылары бір-бірімен қатынаспаған. Дәрігерлер бұл жұқпалы ауру осылай 10 жылда бір қайталанып таралып деп отыр. Қазір сол науқастармен қатынаста болған 200-ден аса адамға егу жұмыстары жүріп жатыр екен. Дегенмен, кез-келген адам, ақылы түрде болсын, сары аурудан өз еркімен егіле алмайды. Себебі, қатты қажеті болмаған соң, оның вакцинасы көп мөлшерде алынбапты.