$ 494.87  520.65  4.91

Мені полицейлер де қолдайды: өзге ұлт өкілдерімен жүрген қазақ қыздарына қырғидай тиген азамат осылай мақтанды

Өзге ұлт өкілдерімен көңіл жарастырған қазақ қыздарына қырғидай тиген Жәнібек Иманмәзір бұл жолы Facebook әлеуметтік желісіне өзінің қолдаушылары барын айтып мақтанды. Айтуынша, оған полицейлердің өзі «ләм» деп ауыз аша алмайтын көрінеді.

Желіге бұл видеолар таралғалы көпшілік оның бұл әрекетін құптамады. Ал өзі болса, Facebook-парақшасына сонда да қолдауға ие екенін айтып, мақтанып әлек.

«Талай полицейлерге "менің қазақ қыздарды өзге ұлт өкілінен қорғағанымды қолдайсыздарма?" деп сұрақ қойғанда бәрі мені қолдайтынын айтты.
Одан басқа органның адамдарына да айтып көріп ем, олар да солай. Намыс бар екен. Енді жоғарыдағы заң шығарғыштар қалды. Ел болып неке қию заңына өзгертулер енгізу керек. Өзгерту болғанда, шетелдіктерге тиген қыздарды күйеуімен қоса Қазақстан азаматығынан айыру қалды.
Содан кейін, қыз ертең шетелде жүріп ажырасса да, ажыраспаса да оның Қазақтанға қайта кіруіне тыйым салу керек. Тағы да заңға намысты жігіттердің көңілінен шығатың өзгертулер енгізу керек», – деп жазды ол Facebook-парақшасына.

Еске салайық, Жәнібек Иманмәзір өзге ұлт өкілімен көңіл жарастырған қазақ қыздарына тиісіп, намысына тиетін ауыр сөздер айтқан болатын. Тіпті, некелескен ерлі-зайыптылардың ортасына да түспек болған. Оның бұл әрекеттерін көпшілік сынағанымен, қолдаушылары да аз болған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары