$ 494.87  520.65  4.91

Айжан Байзақова: "Құдайға сенбеймін, бірақ шіркеуге бара салуым да мүмкін"

Атышулы блогер Айжан Байзақова күні кеше telegram-каналында сыра ішіп түскен фотосын жүктеген болатын. Сол суретке желідегілер түрлі пікір жазып, Байзақоваға «Құдайдан қорық» деп жатты. Ал Айжанның өзі болса, Алладан қорықпақ тұрмақ оған сенбейтінін мәлімдеді.

«Кеше сыра ішкен фотомды осында салып едім. Оны біреулер көшіріп, таратып жіберіпті. Сол суреттің астына жазылған пікірлер мені түзетеді деп ойлайсыздар ма? Сонда мен сол сөздеріңнен кейін Құдайға құлшылық жасап кетемін бе?», – деп бастады сөзін ол.

«Мен Құдайға сенбеймін. Ешқандай дін де ұстанбаймын. Бірақ, арқамда Тәңірдің таңбасы салынған. Үйдегілер сияқты «Құдай қаласа», «Алла бұйыртса» деп сөйлемеймін, болашақты болжамаймын. Сосын ертең не істейтінім белгісіз, бәлкім шіркеуден бір-ақ шығуым ғажап емес», – дейді Байзақова telegram-каналында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары