$ 498.34  519.72  4.85

«Байзақова АҚШ-та болғанда жұрт оған басқаша қарайтын еді»: танымал боксшы Байзақовамен арадағы байланысын айтты

Нью-Йоркте тұратын және сол қалада полиция қызметкері болып жұмыс істейтін кәсіпқой боксшы Димаш Ниязов Айжан Байзақовамен арадағы байланыстары жайлы айтып берді. Соңғы кезде көпшіліктің сынына ұшыраған атышулы блогердің қылығы қалыпты деп түсіндірді ол.

Боксшы Алматыға соңғы келгенінде Байзақовамен кездесіпті. Айтуынша, жұрт оны бекерге сөгіп жүрген көрінеді.

«Айжан өте түсінігі мол қыз. Егер ол Америкада болғанда оған бәрі басқаша қарайтын еді. Әрине жақсы қырынан қабылдайтын еді оны. Не дегенмен, Қазақстан мен Американың менталитеті екі басқа ғой. Сонда да адамдар бір-бірін сыйлау керек сияқты», – деп ол кездесулерінің жақсы өткенін, әрі Айжанмен бірден тіл табыса кеткенін айтып, елді оған жақсы пікір қалыптастыруға шақырды.

Айта кетейік, Айжан Байзақованы жұрт Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде 50 мың теңгеге қыз шешіндіргені, әрі желіде темекі тартып, ішімдік ішкетіні үшін қатты сынға алған болатын. Тіпті, Алматы соты оны әкімшілік жазаға тартып, 3 күнге қамауға алған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары