$ 445.66  474.58  4.78

Астанада жігітінің жыныс мүшесін кесіп алған әйелдің хиджаб киетіні белгілі болды

Астанада қызғаныштан жігітінің жыныс мүшесін кесіп алған әйел туралы жаңалық бүгін барша жұрттың жағасын ұстатқаны белгілі. 1981 жылғы күдіктінің осынау әрекеті әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

Белгілі болғандай, 37 жастағы әйелдің екі баласы бар, Астанада тұрады. Ол сүйіктісінің ұялы телефонын тексере келе өзге қыздардың фотосуреттері мен жазған жазбаларын көріп қалыпты-мыс. Артынан түк білмегендей жігітін төсекке шақырған да, аяқ қолын диванның төрт бұрышына керіп байлап, дәрі егу арқылы жыныс мүшесін кесіп алған. Мұнан кейін қансыраған ер адамды өз көлігіне отырғызып, ауруханаға апарыпты. Полицейлер оны сол жерде ұстаған.

Қазір әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы күдіктінің фотосы тарап кеткен. Онда жас әйелдің хиджабқа оранып, жеке куәлікке суретке түскенін аңғаруға болады. Яғни, киген киіміне қарап оның «дін» ұстанатынын байқау қиын емес.

Айта кету керек, дәстүрлі емес ислам ағымын ұстанушылардың көбі агрессивті болып келеді. Күдіктінің әрекеті агрессияның ағып тұрғаны анық. Бірақ, оның қандай ағымды ұстанатынын құқық қорғаушылар анықтай жатар, әйтеуір асыл дінімізге тағы да күйе жағылмаса деген бір ғана тілек бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары