$ 494.87  520.65  4.91

"Бай болған соң пәк қыз аласың ғой": Желіде оңтүстіктің жігіті 10-рет үйленетінін айтып мақтанды (ВИДЕО)

Yotube видеопорталында 40 жас шамасындағы жігіттің  10-рет үйленгелі жатқанын айтқан видеосы жарияланды. Ол онысымен қоймай, пәк қыз алатынын айтып мақтанды.

Ер азамат қуанышты хабарды телефон арқылы белгісіз біреуге хабарлап жатады.

«Бүгін 10-қатынды апарайын деп жатырмын. Е, білесің ғой, бай болғасын пәк қыз аласың. Әйтпесе, болмайды ғой. Ана, жеңгелерге айтып қой, бәрін дайындап қойсын», – деп бөсті жігіт.

Ер азамат сұхбаттасушысына «Тоқа байдың баласы айтып жатыр деңдер!» деп өзіне қарай қымбат көліктерді жіберуін талап етеді.

«Е, сосын ана әкеме қараңдар. Астын тазалаңдар е.  Өздерің емес, әйелдеріңе тазалатыңдар. Сендерге ай сайын 500 мың теңгені босқа беріп отырған жоқпын. Мына заманда ақша табу оңай емес»,  – деп ол ар жағындағы адамға ызаланып та алды.

Ал, кейбір желі қолданушылары болса, оның есінің дұрыстығына күмәнданатындарын жазды.  

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары