Қоғам 31.01.2018 сағат 04:26

Шымкенттегі ТҮКШ есебінде тұрғындар микрофонға таласып төбелесе жаздады (ВИДЕО)

Шымкентте Тұрғын үй коммуналды шаруашылық бөлімі халықпен кездесіп, атқарған жұмыстарына есеп берді және биылғы жоспарларымен бөлісті. Алайда, жиынға келген тұрғындар шенеуніктерге сұрақ қоярда микрофонға таласып, кейбірі тіпті төбелесіп қала жаздады.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жалпы, ТҮКШ саласы Шымкенттегі проблемалы салалардың бірі. Әкімге тұрғындар тарапынан келіп түсетін сауалдардың басым көпшілігі де тұрғын үй коммуналды шаруашылығына қатысты. Содан да болар, жиылған жұрттың көкейінде сұрақ көп болды. Әсіресе, зейнеткерлер кезек күткісі келмей, микрофонға таласып, шенділерден жауап алуға асықты.

Otyrar.kz порталының жазуынша, халықпен дәл осындай бетпе-бет кездесу алғаш рет ұйымдастырылып отыр екен. Жиынға келген тұрғындардың әрқайсысы өз сұрағына жауап алып қайтады деп уәде берген ТҮКШ бөлімінің мамандары мұндай бей-берекет болады деп күтпепті. Келесі жиынды олар барынша ұйымдасқан түрде өткіземіз деп отыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар