$ 498.34  519.72  4.85

Желіде Павлодарда қоқыстан табылған баланың видеосы жарияланды (ВИДЕО)

Павлодарда табылған нәресте Облыстық перинаталдық орталық дәрігерлерінің жіті бақылауында. Медицина қызметкерлері сәбидің суреті мен видеосын тарату арқылы оның туыстарын табуға үміттеніп отыр деп жазады BNews.kz.

Құтқарылған кішкентай пациенттің жағдайы туралы орталықтың бас дәрігері Айман Оспанова айтып берді.

"Нәрестені танитындар табылып қалуы мүмкін деген мақсатпен оның суреті мен видеосын көрсетіп отырмыз. Екіншіден, халықты тыныштандырғымыз келеді. Қазіргі кезде балаға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Нәрестенің жолы болды. Ол 20-30 минут бойы аязда қоқыс жәшігінде жатқан. Оның қолдары тоңа бастаған. Ұл бала таза төсек жаймасы мен көрпеге оралған күйінде табылған. Басында қатты қорқып кеттік. Оны тез арада жылыттық, тамақтандырдық, медициналық сараптама және рентгенмен тексеріс жасадық. Қазір нәрестенің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, физиологиялық процестер қалыпты жүріп жатыр. Сәби өте белсенді. Баланың салмағы – 3040 грамм", – деп мәлімдеді Айман Оспанова.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта баланың жағдайы қалыпты ауыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Павлодарда қоқыс жәшігінен сәби табылған болатын. Баланың туғанына шамамен 10-12 күн болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары