$ 448.15  483.46  4.86

Қарағандылық дәрігерлер сары ауруды таратқан баланы таптық деп отыр

Қарағанды облысында сары ауру немесе А гепатитін жұқтырған адамдардың саны 59-ға жетті. Бұл – қаңтардың басынан бергі ғана көрсеткіш. Науқастар қазір ауруханаларда жатыр. Олардың 34-і мектеп оқушылары деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Ал, солардың арасындағы 17 бала – қаладағы №58 орта мектепте оқитындар. Дәрігерлер бұл білім ошағына кеселді үйде жасалған шырынды ішіп ауырып қалған бір оқушы таратқан деп отыр. Дегенмен, Теміртаудың бір мектебінен де 3 бірдей бала ауруханаға түскен. Мамандар мұнда кеселді тоқсанаралық демалыстан шыққан балалар жұқтырып келуі мүмкін дейді. Ауру Шахтинск мектептеріндегі оқушылардан да анықталып отыр. Бұл жұқпалы дерттің 10 жылда бір осылай таралып тұрады екен. Қазір сол науқастармен қатынаста болған адамдардың бәріне егу жұмыстарын жүргізу көзделген. Бұл мақсатта Ресейден 60 мың дана екпеге тапсырыс беріліпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары