01.02.2018, 10:07

Оразаның қай күні басталатыны белгілі болды

Биыл қасиетті Рамазан айы 16 мамырда басталады деп мәлімдейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі.

ҚМДБ бекіткен 2018 жылғы діни күндер күнтізбесіне сүйенсек, осы жылы Рамазан айы мамырдың он алтысына сәйкес келіп тұр. Ал 14 маусымда Оразаның соңғы күні. Маусымның 9-нан 10-на қараған түні – Қадір түні.

Ораза айт 15 маусымда, ал Құрбан айт 21 тамызда басталады. 

Ескерту: Хижри айлардың басталуы Түркия мен араб елдеріндегі халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. "Арафа" мен «Құрбан айт» күндері араб елдерінің белгілеуімен анықталатындықтан, бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан