Алматыда жігіт донер жасап жатқандардың былығын әшкереледі.
Ер азамат асханада күтпеген жерден донердің қалай жасалатынын көрмек болады. Адам шошырлық жәйтқа куә болған ол сол мезетте телефонының камерасын қосып, астың дайындалу процесін көрсетеді.
«Мына табаққа сендер тауық етін саласыңдар. Дұрыс па?», – деп сөз бастаған жігіт жұмысшының істегенін тура қайталап шықты.
«Міне, осы табақты әжетханаға апарып, бір жағын унитазға тығады. Осылай бір жағын кіргізіп, астынан қағып тұр. Осылай 10 минут тұрды», – деп ашынған жігіт асхана басшылығының келіп, осыған қатысты түсінік беруін талап етті.
Әзірге оқиғаның немен аяқталғаны белгісіз.