13 жасар оқушы қыздың асылып қалған денесі өз үйінен табылған. Алдын ала болжам бойынша, ол интернет арқылы «Өлім ойынын» ойнаған деп жазады «NewTimes.kz».
«3 ақпан күні Қарағандыдағы №23 мектептің оқушысы өзінің пәтерінде асылып қалған», — дейді қара жамылған отбасының таныстары. Олардың айтуынша, кішкентай қыз суицидке апаратын интернет ойынының құрбаны болған көрінеді.
«Қыз асылып қалған. Ата-анасы бұл сәтте үйде болған екен. Қазір полиция істің мән-жайын анықтап жатыр. Қыз "Қызыл үкі" деген ойын ойнаған. Оны бұл ойынды ойнауға сол 23-мектептің баласы үйретіпті, жоғарғы сыныпта оқиды. Қазір оны полиция ұстады. Әлі қаншама оқушының өлім ойынын ойнап жүргенін білмейміз», — дейді сұхбат берген әйел.
Әзірге ішкі істер органдары болған жайтқа байланысты ешқандай мәлімет бере алмай отыр. №23 мектептің директоры да орнында болмай шықты.