$ 448.15  483.46  4.86

Пәктігінен айырылған оқушы қыздар жаппай масқараланып жатыр

Түрікменстандағы қала мектептері мен тағы бірқатар аудан орталықтарында дәрігерлер мен полицейлер оқушылардың телефондарынан порнографиялық видео және фото іздеп, қыздардың пәктігін тексеруде деп мәлімдейді centralasian.org.

Түрікменстанның солтүстігіндегі облыста өткен аптада жергілікті білім беру мекемелерінің, ұлттық қауіпсіздік қызметінің, полицияның қызметкерлері және дәрігерлер алдын ала ескертусіз сабаққа келіп, жоғарғы сынып оқушыларының телефондарын жинап алған. Содан кейін ғана телефондардан мультимедиалық файлдарға тексеретінін айтқан.

Мұндай тексеріске облыс әкімінің білім және мәдениет жөніндегі орынбасары тапсырма берген, деп хабарлады Азатлык дереккөзі.

"Тексеруге келгендер барлығымыздың телефондарымызды жинап алды. Олар не тексеретінін түсіндіріп жатпады. Бірақ кейін олар порнографиялық файлдар іздегенін айтты. Оқушылардың барлығынан дерлік мұндай файлдар табылды", — дейді ауданындағы орта мектеп оқушысы.

Оның айтуынша, порнографиялық файлдар табылған соң мобильді телефондарын алып қойып, мектеп оқушыларымен ата-аналармен бірге әңгімелескен.

"Жоғарғы сыныптағы қыздарды бір сызыққа тұрғызып қойып, мектеп медпунктінде тексерген. Пәктігі табылмаған қыздардың шешелерін шақыртып, бүкіл мектепке масқаралаған. Осы тексеруден соң мектеп директорын жұмыстан шығарды", — деді дереккөз.

Дереккөздің аудандық полиция қызметкерінің айтуынша, мектеп жасындағы қыздардың жезөкшелікке салынуы жиілеп кетуіне байланысты осындай тексеру жүргізілген.

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары