Астана іргесіндегі «Ильинка» елдіменінде қос қабатты үйдің дымы қалмай өртеніп кеткен. Тек бірінші қабаттың қабырғаларынан өзге түгі жоқ. Алайда, осы күлі көкке ұшқан ғимараттың ішіндегі Құран кітаптары ғана аман сақталып қалыпты. Мұны куәгерлердің бірі видеокамераға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратуда.
«Екінші қабаттан дым қалмаған. Документ, техниканың түгі қалмай өртеніп кеткен. Енді мына Құдайдың құдыретін қараңыздар, Алланың сөздері ғана өртенбеген, жанбаған», - дейді видео авторы.
Оқиғаның нақты қай уақытта болғаны белгісіз. Тек даладан қыс мезгілі екенін аңғаруға болады. Яғни, видеоролик жақын күндері түсірілген болуы мүмкін.