Қоғам 09.02.2018 сағат 09:48

Шымкентте белгісіз біреу әйел мен оның екі баласын айуандықпен өлтіріп кетті

Шымкентте 53 жастағы әйел мен оның екі ұлын белгісіз біреу айуандықпен өлтіріп кетті деп мәлімдеді TVK телеарнасы. Оқиға 8 ақпан күні кешкі уақытта Абай ауданында болған.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қаладағы жер үйлердің бірінен полицейлер 53 жастағы әйел мен 21 және 12 жастағы екі ұлының мәйіті табылған. Үшеуі де айуандықпен өлтіріліпті. Қандықол қылмыскер осы отбасының жақын танысы болуы мүмкін деген болжам бар. Ол алдымен әйел мен оның үлкен ұлын қатты затпен ұрып өлтіріпті. Кейін тығылып қалған кішкентай баланы тауып алып, қылқындырып мерт қылған.

Кешегі түннен бері оқиға орнында тергеушілер, криминалды полиция мамандары жұмыс істеп жатыр. Бейнебақылау камерасындағы жазбалар мен саусақ іздері тексерілуде.

«Қылмыс туралы біз учаскелік полициядан естіп-білдік. Ол бізден күдікті ешкімді көрмедіңдер ме деп сұрады. Мен ешкімді көрмедік. Білетінім, бұл үйде әйел мен екі баласы тұратырн. Балалары тым жақсы еді. Тек көшеде ғана көрісіп, амандасып тұратынбыз», - марқұмдардың көршісі.

Көршілердің айтуынша, әйел жалғызбасты болған екен. Балаларын жалғыз өзі аяққа тұрғызған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар