$ 498.34  519.72  4.85

Жігітім жоғалып кетті! Айжан Байзақова сүйіктісіне іздеу салды

Қазір қыз атаулының көбі – жалғыз. Жігіт: «жақсы қыз жоқ», қыздар керісінше: «жақсы жігіт» жоқ дейді. Сонда кім жақсы? Кім жаман? Бұл – қоғамдағы көп проблемалардың өзектісі. Дәл осы қиындық атышулы Байзақова ханымды да айналып өтпесе керек. Иә. Бір көргеннен бұған таң қалуыңыз мүмкін. Расында, еркек біткенді елітетін дене бітімін былай қойғанда, келбеті кез келген ер азаматтың көзін сүріндірердей-ақ сұлу. Блогер еш қалжынсыз бұл жолы жігіт іздейтінін ашық айтты. 

«Достар, шұғыл! Сіздерден көмек сұрағым келмеп еді. Бірақ амал болмай тұр. Жігітім жоғалып кетті. Үстіне ақ жейде мен қанық көк түсті пиджак киіп, қызыл галстук таққан. 8 ақпан күні сағат кешкі 10 шамасында Орбита маңында жоғалып кетті»,  – деп блогер сүйіктісінің суретін жүктеп, көрген адам болса, өзіне хабарласуын өтінді.

Суретте шетел азаматы. Байзақованың бұлай байбалам салғаны әзірге тек өзіне ғана белгілі.  

Айта кетейік, Байзақованы былтыр 50 мың теңгеге қыз шешіндіргені үшін көпшілік қатты сынға алған. Кейін әкімшілік құқық бұзды деген айыппен ол 3 күнге қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары