$ 491.7  531.28  5.07

3 ай бұрын жоғалған қарағандылық кәсіпкер Шымкенттен табылды

24 қазанда із-түссіз жоғалып кеткен қарағандылық кәсіпкер Әлішер Тұрағұл Шымкенттен табылды деп жазады Tengrinews.kz. Іздеу жұмыстарына қатысқан еріктілер оның дін-аман екенін айтып отыр.

«Жоғалған азаматты Шымкенттен таптық. Ол аман және дені сау. Қалған ақпараттар бізге белгісіз», - дейді еріктілер.

Әлішер Тұрағұлдың туыстары да бұл ақпаратты растап отыр. Айтуларынша, ұлдары аман-есен табылған. Алайда, оның неліктен хабарсыз кеткенін олар да білмейді екен.

«Әлішерді Шымкенттен тапты. Ол үйге әлі оралған жоқ, баламызды алып келу үшін әкесі кетті. Ұлымыз тірі, бірақ оның не үшін жоғалғанын біз білмейміз. Тек келсінші», - деді кәсіпкердің туыстары.

Айта кетейік, өткен жылдың қазан айында Қарағандылық жас бизнесмен Әлішер Тұрағұлдың жоғалғаны туралы ақпарат тараған болатын. Оның жеке компаниясы болған. Сол арқылы ол мемлекеттік тапсырыстарға қатысып, түрлі мекемелерге азық-түлік тауарларын жеткізумен айналысып жүріпті. Жұмбақ жағдайда жоғалуының алдында Қарқаралы аудандық емханаларының біріне тауар жеткізбекші болған. 24 қазан күні түнгі сағат 23:00 шамасында іс-сапарға кеттім деп үйінен кетіп, сол күйі оралмапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары