$ 498.34  519.72  4.85

Ақмолада президенттік шыршаның сыйлықтары балаларға енді беріліп жатыр

Ақмола облысында президент шыршасына қатысқан балаларға сыйлық ретінде ноутбук берілді, деп жазады sputniknews.kz өңірдің білім беру басқармасына сілтеме жасап.

"Өткен демалыста балалардың бәріне ноутбук үлестірдік. Әрқайсысы сыйлыққа ие болды. Мамандар компьютерге қажетті бағдарламалар орнатып, дұрыс пайдалану үшін ақыл-кеңес берді", — деп хабарлайды білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

"Жауапсыз жеткізуші "Tenderlik kompaniya sattilik" ЖШС сотқа берілді. Балаларға сыйлық алуға жауапты тұлғаға қатысты тиісті шара қолданылған. Дарынды балалармен жұмыс істейтін облыстық әдістемелік орталықтың директоры қызметінен босатылды", — деп атап өтті облыстық білім беру басқармасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 9-13 жас аралығындағы 200 балаға президент шыршасынан сыйлық ретінде ноутбук берілуі тиіс болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары