$ 494.87  520.65  4.91

Атақты актер Кэри Тагава Қазақстан азаматтығын алуды жоспарлап жүр

Қазақстанға Голливудтың танымал актерлері келді. Олар Шығыс Қазақстан облысында түсірілетін фильмде басты рольдерді сомдайтын болады деп жазады Қазақпарат.

Кэри Тагава, Майкл Мэдсен, Бай Лин, Марк Дакаскас және Эрик Робертс ШҚО әкімінің шақыруымен Өскемнге келді. Олар продюсер Арман Асеновтың басшылығымен Шығыс Қазақстан туралы фильм түсірмекші. Әзірге фильмнің қай жанрда болатыны белгісіз. Бір анығы, ол туынды өңірді әлемге таныту үшін түсірілмек. Кэри Тагава бұл жобада бас продюсер қызметін атқарады. Даниал Ахметовтың қабылдауында аталмыш актер Шығыстың табиғатына тәнті болғанын айтты.

«Мен - жапондықпын, біздің қазақтармен байланысымыз көп. Сіздердің жандарыңызда болғым келеді, сондықтан Қазақстанның азаматы болу жоспарымда бар», - деді ол.

Голливуд жұлдыздары бұл жолғы сапарында еліміздің бірнеше ауданын аралап, өңірдің тыныс тіршілігімен және киелі орындармен танысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары