$ 494.87  520.65  4.91

Бойжеткенді 16 жасына дейін өгей әкесі зорлап келген (ВИДЕО)

Бойжеткенді 16 жасына дейін өгей әкесі зорлап келген. Бұл туралы тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының жақында ғана жарық көрген «Әйел» кітабында жазылған.

Осы орайда Instagram-парақшасында #әйел хэштегімен отандық әншілер мен блогерлер кітаптан алған әсерлерін жазып жатыр. Тіпті, Гүлназ Жоланова да басылымнан үзінді оқып, видеоны желіге жүктеді.

«Сіздерге ішіме симай жүрген сырымды айтқым келеді. Кішкентай кезімде әкем жол апатынан қаза болды. Анамыз екінші рет отбасын құрды. Мен ол кезде 12-де едім. Өгей әкем мені ұнатпайтын. Үйде ешкім жоқта тиісіп, зорлап жүрді. Осылай 16 жасыма дейін зорланып келдім. Қыстыкүні өгей әкем қораға тыр жалаңаш қылып шығарып мәз болатын. Бір күні шыдай алмай анама бар шындықты айтып бердім. Ол өзімді сабай жөңелді. Көрмегенді көрдім. Сөйтіп жүргенде бір жігіт мені алып қашып кетті. Алғашында бәрі жақсы болды. Аяғым ауыр кезде жолдасым қол көтере бастады. «Сен қыз болмай келдің, мына бала менен емес» деп ұрып, үйден қуып жіберді. Аналар үйіне келіп, егіз босандым. Балаларымды бөбектер үйіне өткізуді ойлап жүрмін», – деп кітаптан үзінді оқыды Жоланова.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары