$ 448.15  483.46  4.86

«Енесі мен күйеуі түбіне жетті»: ОҚО-да бір жыл бұрын асылып қалған мұғалімді өз күйеуі өлтірген болуы мүмкін

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында бір жыл бұрын күйеуі мен енесінің көрсеткен азабына шыдамаған мұғалім асылып қалды деген ақпаратты отандық БАҚ өкілдері жарыса жазған болатын. Марқұмның анасы қызымның түбіне енесі мен күйеуі жетті деп, жергілікті полицияға қанша арызданса да, тергеушілер ол келтірген деректерге көз жұма қарап, істі жауып тастаған деп жазады Время газеті.

Марқұм Юлдуз Мавланкулова Қарабұлақ ауылындағы мектепте қазақ тілінен сабақ берген. 27 жасында ол Еркинжан Нартаев есімді жігітке тұрмысқа шығып, семья құрыпты. Анасының айтуынша, осы сәттен бастап Юлдуздың өмірі тозаққа айналған.

«Енесі өзін үйдің толықтай иесі сезінгісі келген. Тіпті келініне үйдің кілтін бермейтін. Кейде Юлдуз жұмыстан үйге келгенде есік жабық тұрады. Ол жаңбыр астында енесінің келгенін күтіп, далада тұрады. Күйеу бала да қатігез болатын, қызымды аусыз ұрып-соқты. Мен одан үйге қайтып келуін сұрадым. Алайда, ол жағдайдың оңалып кететініне сенді», – дейді Юлдуздың анасы Иззатай Мавланкулова.

Алайда, жағдай сол күйі оңалмады. Еркинжан бұл уақытта әйелін себепсізден себепсіз көкала қойдай етіп сабап тастауды әдетке айналдырған. Туыстары келіншекке ажырасу керектігін талай айтса да, Юлдуз күйеуінің жұдырығынан емес, жұрттың өсегінен қорқып, қорлықта өмір сүруін жалғастыра берген. Ал, күйеуі болса біршама уақыттан кейін өзге әйел алатынын айтып, үйді босатуын талап ете бастапты.

«Былтыр 25 қаңтарда қызым жылап қоңырау шалып, Лола деген әйелмен телефон арқылы сөйлескенін айтты. Ол өзінің Ёркинжанның жаңа әйелі екенін айтып, қызымнан ол үйден кетуін талап етіпті. Біз сөйлестік. Кешкі үйге бейтаныс ер адам келіп, Юлдуздың асылып қалғанын хабарлады», – дейді Иззатай Мавланкулова.

Иззатай апайдың айтуынша, олар Юлдуздың өлімі туралы соңғы болып білген. Анасы ұлдарымен бірге Юлдуздың үйіне барғанда көпшілік жиналып қалған екен. Ділмұраттың сөзінше, күйеу балалары олармен сөйлеспей қойған. Тек әйелінің асылып қалғанын айтып, кетіп қалыпты. Белгілі болғандай, Юлдуздың денесі қораның екінші қабатынан табылған.

Анасының айтуынша, Юлдуздың үстіндегі киімі жыртық әрі кір-кір болыпты. Ал, жыртық жерден қан сорғалап ағып тұрған. Соған қарағанда, Еркинжан алдымен әйелін сабап өлтіріп, кейін қылмыстан жалтару үшін оның денесін асып қоя салған.

Сол күні Сайрамдағы АІІБ «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған екен. Алайда 2017 жылдың 25 ақпанында Сайрам АІІБ тергеушісі Бөлеген Төлегенов сараптама нәтижелері мен марқұмның отбасының берген жауабына қарамастан, «қылмыс құрамы болмағаны үшін» өндірісті тоқтату туралы шешім қабылдаған.

«Біз істің қайта қозғалғанын талап еттік. Kсеll-ден Юлдуздың телефонынан шалынған қоңыраулар туралы дерек алуын сұрадық. Ол өлер алдында Бас прокуратураның «шұғыл желідегі» нөміріне бірнеше рет қоңырау шалған екен. Олардан көмек сұрамақ болған шығар… Мұнан соң оның денесін қазып алып, сараптама жасауын талап еттік. Себебі оның адам қолынан өлгеніне сенімдіміз. Аудандық полиция басшысына бернеше рет бардық. Одан пайда болған жоқ. Облыстық ІІД басшысы Сүлейменовке де бардық. Бәрі үнсіз», – дейді Ділмұрат Мавланкулов.

Мұнан кейін «Сана Сезім» ұйымының заңгерлері ІІД және Бас прокуратураға шағымданған. Нәтижесінде қарабұлақтық мұғалімнің ісі қайта қозғалып қана қоймай, істің тергелуі облысқа тапсырылған.

2017 жылы шілде айында марқұмның денесі қазып алынып, сот-медицина сараптамасы Юлдуздың туыстарының сөзін растады. Сондай-ақ, олар марқұмның бірнеше қабырғасы сынғанын анықтады. Юлдуздың өлімінен 9 ай өткеннен кейін ғана оның күйеуі Ёркинжан Нартаев «адам өлтірді» деген күдікпен тұтқындалды.

Сондай-ақ, тергеу барысында Юлдуз асылып қалған жіп жоғалып кеткен. Ал онда марқұмды өлтірген адамның биологиялық материалдары (май, тер және т.б.) қалған болуы мүмкін. Сонымен қатар тергеу барысында Юлдузды асылып тұрған жерінен түсіріп алған Нартаев пен оның ағасы жіп ілінген орынға қатысты екі түрлі жауап берді. Бұл жайт тергеушілердің марқұмның күйеуінің кінәсіз емес екеніне кезекті реті күмәндануына себеп болды.

Ал Ёркинжан Нартаевтың анасы түрлі комиссия мүшелеріне барып, ұлының боастылуын талап етуде.

«Ол – өте жақсы. Ішімдік ішпейді, шылым шекпейді. Келінім өзі асылып қалды. Ал енді оның туыстары менің кінәсіз ұлымды түрмеге жапқысы келеді», – дейді Нартаевтың анасы.

Ендігі аталған істің нүктесін ауданаралық мамандандырылған сот төрағасы Дәурен Мадалиев шешетін болады. Ал Юлдуздың артында қалған екі баласы әжелері Иззатайдың қолында қалды деп жазады Stan.kz.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары