$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте тағы бір оқушы асылып өлді

Шымкенттегі мектептердің бірінің сегізінші сынып оқушысы өзіне қол жұмсады деп жазады sputniknews.kz.

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, трагедия 16 ақпан күні сағат 19:00 шамасында болған. Кешкі сағат алтыдан өте бала анасына малға шөп салатынын айтып, қораға кіріп кеткен. Жарты сағаттан кейін әйел ұлының қайтып келмегеніне алаңдап, қораға кіреді, сол жерден оның мәйітін тауып алған. Баланың денесі бірінші ауруханаға жеткізілді.

Суицид дерегі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 10 ақпан күні Шымкенттегі Қайнар бұлақ тұрғын алабында 16 жастағы жасөспірім өзіне қол салған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары