Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен жас жігіт қолға түсті. Ол жергілікті тұрғынның үйінен алтын және бағалы дүниелерін қолды еткен.
Күдікті үйге баса көктеп кіргенде үйде 6 және 12 жасар екі баланың бар екенін көрген және екеуін де қылқындырып талдырып тастаған. Кейін аяқ-қолдарын байлап, өзі бөлмелерден алтын бұйымдарын іздепті. Жәбірленген отбасыға келтірілген материалдық шығын көлемі жарты миллион теңгені құрайды.
Ордабасы АІІБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті жердің 20-25 жас шамасындағы тұрғыны анықталып, ұсталды.
Аталған жайт негізінде қарақшылық жайты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.