$ 494.87  520.65  4.91

Астаналық келіншек төсекке тоймайтын күйеуінің үстінен арыз жазған

Астаналық жас келіншек төсек қатынасына жиі түсуге мәжбүрлеп, зорламақ болған жолдасының үстінен арыз жазған. Оқиға осы жылдың қаңтар айында орын алған. Төсек қатынасына жиі түсуге мәжбүрлей берген жолдасынан, әйелі, тіпті, екінші қабаттан секіріп, қашпақ болған.

«Отбасылық өмірде мұндай жағдайлар жиі орын алып жатады. Ер адам, әйелдерге өзінің меншігі деп қарап, онымен не істесем де өзім білемін деп ойлайды. Әсіресе, төсек қатынасына мәжбүрлеп «түскісі» келетін ер адамдар да бар. Дәл осындай жағдай қаңтар айында Астанада орын алды. Күйеуінен әбден мезі болған келіншек, тіпті, екінші қабаттан секіріп түсіп, жұбайынан әрең қашып құтылған екен. Бұл жерде, ерлі-зайыпты екенбіз деп, төсек қатынасына тым жиі түсу қалыпты жағдай емес. Ондай оқиғаларды, тіпті, зорлау фактісі бар деп қарауға болады», – деп түсіндірді заңгер Дания Бұғалиева.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда, нәзік жандылар, құзырлы органдарға жұбайларының үстінен арыз жасауға құқылы екен.

«Әрине, сырт көзге ерсі көрінгенмен, бұл жерде әйел адамның құқығы тапталып отыр. Ер-азаматтар төсек қатынасына күштеп, мәжбүрлеп түсіре алмайды. Сондықтан, жәбірленуші тарапқа, жұбайының үстінен «зорлады» немесе «күш көрсетіп, төсек қатынасына итермеледі» деп арыз жазуға болады. Осы кеңеске жаңағы М. есімді келіншек те құлақ асты. Алғашында «екі баламыз бар, енем өте жақсы адам, елден ұят болады» деп айтса да, соңында «күштеп жыныстық қатынасқа түсірмек болды» деп арыз жазды. Қазір ерлі-зайыптылар психологардың көмегіне жүгініп жүр. Тиісті деңгейде көмек көрсетілген соң, ара-қатынастары жақсарады деген үміттеміз»,  – деп сөзін қорытындылады маман.

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары