$ 486.44  534.31  5.06

Махаббат үшін 12 жыл түрме: сүйіктісін алып қашпақ болған жігіт ұзақ мерзімге сотталуы мүмкін

Қазақ жігіті сүйіктісін алып қашқаны үшін ұзақ мерзімге сотталуы мүмкін. Бұл туралы заңгер Руслан Шағатаев Facebook желісіндегі "Адвокаты Казахстана" тобына жазды. Ол сотта аталған жігіттің қорғаушысы міндетін атқарып жатыр екен.

Жас жігіт жақсы көретін қызынан айрылып қалмас үшін оны алып қашуға бел буған екен. Алайда, бойжеткен полицияға шағымданып, жігітті достарымен бірге соттатып жатыр.

"Жігіт қызды алып қашу үшін досына өтініш айтқан. Досы болса таныс үш жігітті ертіп шығып, төртеуі жұмыстан шыққан бойжеткенді алып қашып кетіпті. Жігіттің үйіне түскеннен 40 минут өткен соң арттарынан полицейлер келген. Тәртіп сақшылары қыз бен жігітті полиция бөлімшесіне алып кеткен. Алып қашу кезінде қызға ешқандай күш көрсетілмеді", - дейді адвокат.

Оның айтуынша, жігіттің үйіне келген соң "қалыңдық" ашуға мініп, маңайындағылардың бәріне қол жұмсай бастапты. Сол сәтте оның ашуын басу үшін жігіт бетінен шапалақпен қағып жіберген.

"Бетінде кішкентай із бар. Басқа жарақаты жоқ. Қыз ауруханаға бармаған, дәрігерлердің көмегіне жүгінбеген. Қазіргі таңда ұсталған жігіттердің барлығы өз кінәсін мойындап отыр. Алайда, жәбірленген қыз кешірім бере емес. Соттан бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Кінәсі дәлелденсе, әрқайсысы 4 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін. Обал-ақ, жап-жас ақымақ балалар. Ең бастысы, олардың қоғамға ешқандай зияны жоқ", - деп жазған заңгер өз әріптестерінен көмек сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары