Ақтөбе облысында жас ана жасөспірім екі баласымен жоғалып кетті. 26 жастағы Жеңісгүл Жұмашева Байғанин ауданы Қаражар ауылындағы үйінен кетіп қалған деп жазады sputniknews.kz "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.
Қасында балалары – жеті жастағы Жасқанат Жарылғап пен алты жастағы Жұлдыз Жарылғап болған. Жоғалып кеткендердің қайда екенін білетін жандар болса, құқық қорғау органдары келесі нөмірлерге хабарласуды сұрайды: 102, 8 (71345) 22-1-74, 22-1-83, 8 (702) 177-31-79 немесе Байғанин ауданының полиция бөлімшесіне хабар беруге болады.