$ 448.15  483.46  4.86

БҚО-да ірі жол апатынан 2 адам қайтыс болды

Батыс Қазақстан облысында КамАЗ бен ВАЗ-2114 автокөлігі соқтығысып, екі адам қайтыс болды. Оқиға Орал қаласына кірер жолда болған деп жазады "Мой Город" порталы.

Қайтыс болған екі адамның бірі - ВАЗ жүргізушісі, екіншісі - жолаушысы. Жол апаты бүгін сағат 14:00 шамасында Орал-Каменка тас жолының бойында Белес ауылына жақын маңда болған. КамАЗ Оралға қарай, ВАЗ қарама-қарсы бағытта жүріп бара жатқан екен.

"Жеңіл автокөліктің жүргізушісі алдында кетіп бара жатқан өзге көліктен озу үшін жолдың қарсы бағытына шығып, жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан", - дейді оқиғаның куәгерлері. Мән-жайды полиция анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары