$ 494.87  520.65  4.91

Интимдік қызмет көрсетемін: Күйеуінің ашынасы келіншектің суреті мен нөмірін интернетке салып қойған

Алматылық келіншек тығырыққа тіреліп, өмірінің тозаққа айналғанын айтты. Оның айтуынша, күйеуінің көңілдесі суретін тауып алып, оны әлеуметтік желілерге жезөкше ретінде таратып жіберген.

Балжан (ред.- автордың аты-жөні өзгертілді) есімді келіншек күйеуінен әбден көңілі қалып, бүгінде оны жан-жарым деп есептемейтінін айтады. Бір жылдан бері оның көңілдесі мазасын алып, оның телефон нөмірін жезөкше ретінде таратып, мазасын алғанын айтады.

"Күйеуімнің менен өзге тағы бір әйелге барып жүргенін білгеніме бір жарым жыл болды. Бастапқыда не істерімді білмей анамның үйіне кетіп қалдым. Бір ұлым бар. Күйеуім бірақ жаза басқанын айтып, қояр да қоймай үйге қайтып алып келді. Ол енді ол әйелмен байланысын үзетінін айтып сендірді. Содан арада бес жыл өтті. Мен оның телефонын тығып, менен бір нәрсе жасырып жүретінін сезіп, талай ұрыс та шығардым. Бірақ ол үйге қонады. Жұмыстан уақытылы келеді. Сондықтан оған сендім. Әрі оны уәдесінде тұрады деп ойладым. Бір күні құрбым әлеуметтік желіде жарияланған менің суретімді көрсетті. Онда менің жезөкше ретінде қызмет көрсететінім жазылған. Дәл өзімнің суретім және менің телефоным. Бір қызығы ол сурет тек күйеуімнің телефонында болатын",  – дейді әйел.

Осыдан кейін оған телефон қоңыраулары толассыз келіп түсе бастаған. Ал күйеуі ешнәрсені білмейтінін айтқан.

«Ол мұны ести сала, қатты ашуланып, біреуге қоңырау шала бастады. Сөйтсем ол көңілдесі екен. Оған қатты айқайлап, ұрсыса бастады. Мен оның телефонын жұлып алып, өзім сөйлестім. Көңілдесі болса, оның күйеуімнен бір қызы бар екенін және әлі де қарым-қатынастары үзілмегенін жеткізді", – дейді әйел.

Осылайша, Балжан қатты күйзеліске түсіп, күйеуімен ажырасуға бел буған. Алайда оған әлі де көптеген адамдар хабарласып, интимді қызмет көрсетуін сұрайды. Қазіргі таңда Балжан құқық қорғау органдарына арыз жазып, күйеуінің көңілдесі тиісті жазасын алады деп үміттенеді.

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары