Астанада «Chevrolet Cruze» маркалы жеңіл автокөлік автобустардың жүруіне ғана арналған BUS-LANE жолағымен жүремін деп, қоғамдық көлікке соқтығысты. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Оқиға жергілікті уақытпен 8.42-де болған. №46 бағытының автобусы Тұран даңғылының бойымен 40 км/сағат жылдамдықпен «Астаналық парк» аялдамасы маңында (Wialon Pro бағдарламасына сәйкес) келе жатқан. Белгіленген Bus Lane жолағында Chevrolet Cruze маркалы жеңіл автомобильмен соқтығысқан.
Жол көлік оқиғасы болған сәтте автобус ішінде жолаушылары болған. Абырой болғанда ешқайсысы жарақат алмады. Ал, жеңіл көлікте болған жолаушылар түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.