90 жастағы қырғыз ақсақал өзіне 40 жастан үлкен емес әйел іздеп жүр. Оның бұлай деген видеосы youtube видео-порталында жарияланды.
Немересі атасына бір үміткер әжейді ұсынса керек. Ақсақалдың жүзінен оны менсінбей тұрғаны анық көрінеді.
«Қанша жаста еді? 60-та ма? Жоқ, болмайды. Маған 40 жастағысы керек», – дейді ата сақалы аузына түскен қария.