$ 444.22  476.38  4.82

Оңтүстік тұрғындары несиені көбінесе той жасауға алады – зерттеу

Еліміздің оңтүстігінде тұратын азаматтар несиені көп жағдайда той жасау үшін алады екен. Ал, астаналықтар болса баспана алу үшін банктен жиі қарыз алады. Жалпы, 2017 жылы алынған несиелердің 90 пайызын осы екі бағыт құрап отыр деп жазады Today.kz.

Тұтыну несиесін алғандар саны мен несие көлемі былтыр айтарлықтай өскен. Атап айтқанда, алынған қарыз саны 386,2 млрд теңгеден 2,9 триллион теңгеге дейін жетіпті. Ал, ипотекалық мақсатта алынған несиенің көлемі алдыңғы жылы 113,2 миллиард теңгені құраса, 2017 жылы ол 1,1 трлн теңгеге дейін ұлғайған.

Автонесие және өзге де мақсатта алынған несиелердің үлесі 11,6 пайызды құрайды. Аолдыңғы жылы бұл көрсеткіш 13 пайызды көрсеткен болатын.

Тұтыну несиесін ең көп алатындар Алматыда тұрады екен. Мұнда банктерден қарыз алған тұрғындардың 80 пайызы ақшаны тұрмыстық техникаға, тойға, шетелге демалысқа жұмсаған. Алынған несие көлемі 1 жылда 23 пайызға артып, 121,9 млрд теңгені құрапты.

Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындары да тұтыну несиесін ең көп алғандар қатарында. Мұнда да қарызға батқан адамдар саны жыл санап артып келеді. Ал, қарызды олар көбіне той жасауға, тұрмыстық техника сатып алу үшін алады.

Тек, астаналықтар ғана екінші деңгейлі банктерге баспаналы болу мақсатында жиі өтінішпен шығады екен. Мұнда тұтыну несиесін алатындардың үлесі небәрі 43,2 пайызды құрап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары