$ 494.87  520.65  4.91

«Артындағы қыздың трусыйы көрініп қалыпты»: Желі қолданушылары әншілердің жаңа флэшмобын сынап тастады (ВИДЕО)

Қазақстандық әншілер "Бүйтіп биле" деген атаумен жаңа флэш-моб бастады. Шоу-биз өкілдері дәл осылай аталатын әнге түрлі қимылдармен билеп, видеоларын Instagram-парақшаларына жүктеуде.

"Бүйтіп-бүйтіп" билеген әншілердің қатарында Ерке Есмахан мен Бейбіт Кушкалиев те бар. Олардың әзілді билеріне разы болғандар қаншалықты көп болса, сынағандар саны да аз емес екен.

Көліктің салонында үш қыз боп билеген Ерке Есмаханның сұлулығына кейбір желі қолданушылары тәнті болса, өзгелері бұл үшеуін ресейлік "Серебро" тобына қатты ұқсатып, роликті көшіріп алған деп сынады. Тіпті, көліктің артқы орындығында отырған қызға да таяқтың бір ұшы тиіп кетті. Желі қолданушысы оны билеген кезінде іш киімі көрініп қалғанын жазып мысқылдады.

Ал, Бейбіт Кушкалиевтің биін көпшілік жоғары бағаласа, өзгелері оған "жас балаша селкілдеген жараспайды" дегенді жазыпты. Тіпті, дінде жүрген әншінің (Кушкалиев намаз оқиды) мұндай жеңілтек флэш-мобтарға қатыспауын сұрағандар да бар. Дегенмен, Бейбіттің өзі мұның тек қана көңілді көтеретін, ешкімге ешқандай зияны жоқ би екенін айтып, сынаушыларына жауап қайтарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары