27.02.2018, 05:59

Алматы мешітінде тілін калимаға келтірген орыс жігіт жұртты таң қалдырды (ВИДЕО)

Алматыдағы «Байкен» мешітінде тілін калимаға келтірген жігіт жұртты таң қалдырды. Оның исламды қабылдаған видеосы Instagram-парақшасындағы Жаннат гүлдері тобында жарияланды.

Видеода мешіт имамы жігітке: «Лә иләһә иль Аллаһ. Мухаммаду Расул Аллаһ (Алладан басқа тәңір жоқ. Мұхаммед оның елшісі)» деп калиманы ізінше қайталатады.

Жиналған жұрт оның ислам дінін қабылдағанына қуанып, қошемет көрсетеді.