$ 443.85  474.3  4.8

Ақтөбедегі интернатта тәрбиеші ақыл-есінде кемістігі бар баланы ұрып тастаған

Ақтөбедегі ақыл-есінің дамуында кемістігі бар балаларға арналған интернатта кішкентай баланы тәрбиелеуші ұрып тастаған. Бұл туралы бүгін Орталық Азиядағы «Халықаралық түрме реформасы» (PRI) үкіметтік емес ұйымының баспасөз қызметі мәлімдеді. Оқиға 16 ақпанда болыпты.

«Жайсандағы арнайы интернатта дамуында ақауы бар баланың соққыға жығылуы барып тұрған қатыгездік және бұл кәмелетке толмаған балаларға қарсы зорлық ретінде қаралу керек. Мамандар оқиға орнына дереу жетті және баланы тәрбиешінің ұрғанын анықтады. Ол 2,5 ай бұрын жұмысқа қабылданып, осы оқиғадан кейін жұмыстан шығып кеткен екен», - дейді аталған ұйымның басшысы Азамат Шамбилов.

PRI өкілдерінің айтуынша, Қазақстанда балаларға күш көрсету деректеріне қатысты арыздар дұрыстап тексерілмегендіктен, арнайы интернаттар секілді жабық мекемелерде істейтін қызметкерлер жазасыз қалады екен. Сондықтан, мұндай мекемелерге балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстардан өткен білікті мамандарды ғана жұмысқа қабылдау керек дейді олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары