$ 494.87  520.65  4.91

8-сынып баласын ұрған Қорғалжын әкімі өз әрекетін түсіндірді

Ақмола облысы Қорғалжын ауылдық округінің әкімі кеше жұмыстан қауылып, үстінен қылмыстық іс қозғалғанын бұған дейін жазған болатынбыз. Кешегі тәртіптік кеңесте ісі қаралған шенеунік баланы ұрмадым және теппедім деп ант-су ішті.

Жарты жыл бұрын аудан депутаттары бір ауыздан сайлаған ауыл әкімі ұрда-жық, қызуқанды болып шықты. Бойы 190 сантиметр, салмағы 130 келі Жанат Омаровтың 14 жасар жұдырықтай баланы тепкілеуі естіген елді шошытты. Әкім осылайша өз баласын қорғамақ болыпты. Қорғалжындағы мектеп-интернатқа рұқсатсыз кіріп келіп, оқушыға ұмтылғанда  қаным басына шауып, өзімді ұстай алмай қалғанын айтады ол. Бірақ басынан тепкілеген  жоқпын дейді. 

Жанат Омаров, Қорғалжын ауылдық аймағының бұрынғы әкімі:

- Былай жақындап келдім де, жағасынан алмақ болдым. Директорға апарғым келген. Ол орындығымен құлап түсті. Мен оны ұрған жоқпын, шкафқа да соғылған жоқ. Баламның мұрнынан қаны ағып мейірбикеде отырғанын көріп, осылай өзімді ұстай алмай қалдым. Бірақ тепкіледі деген бекер сөз.

Мектеп-интернатта екі баланың төбелесінен басталып, соңы осындай үлкен дауға ұласқан оқиға бойынша қазір полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл жағдайдан кейін бір әкім ғана емес, жауапты біраз шенеунік қызметімен қоштасатын сияқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары