$ 443.85  474.3  4.8

Ұзынағашта төтенше жағдай жарияланды

Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері сейсенбі күні кешке Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы су басқан үйлердің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді.

Алматы облысының бес ауданы мен Талдықорған қаласындағы үйлерді бірнеше күннен бері еріген қар суы басып жатыр. Аудан билігі жергілікті ауқымда ТЖ режимін жариялап, әскерилерді көмекке шақырды.   

"Сағат 20:00 шамасында жеке құрамның күшімен Қонаев көшесіндегі үш үйдің тұрғындары көшірілді. Апаттан құтқару жұмыстарын жүргізуге 90-нан астам әскери қызметкер және 10 техника бөлінді", — деп жазылған Ұлттық гвардияның хабарламасында.

Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлері ауылдағы жұмысты жалғастыруда: арықтарды тазалап, құм салынған қаптардан бөгет жасап, ауыл тұрғындарына үйдің ауласынан еріген қар суын шығаруға көмектестіп жатыр.

Дереккөз: sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары