Петропавлда жер үйлердің бірі өртеніп, салдарынан үш адамнан тұратын бір отбасы түгел қырылып қалды. Бұл туралы СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Оқиға қала іргесіндегі Жұмысшы кентінде болыпты. Өрт сөндірушілерге хабар түнгі сағат бірлер шамасында келіп түскен.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде үйдің қабырғасы мен заттар жанып жатқан, қатты түтін шаққан. Өртті сөндіру барысында 1977 жылғы үй иесі мен оның екі баласы - 2013 жылғы ұл мен қыз өлі күйінде табылған. Олар үйден эвакуацияланып, жедел жәрдем қызметкерлеріне берілген. Денелері сот-мединицалық сараптамаға жіберілді», - делінген ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Өрттің шығуына электр сымдар жүйесінің қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайы мен материалдық залалы анықталып жатыр.