Бангладеште Джаед пен Шон есімді екі ер азамат мұсылманша некелерін қидырып, тойларын өткізді деп жазады OurLife.ru.
«Маған айналамдағы адамдардың қандай көзқараспен қарағаны маңызды емес. Менің отбасым мені әлі күнге науқас деп ойлайды. Күндердің күні емделеді деп жүр. Өзім сияқтыларға айтарым – бәрі де орнында, бәрі жақсы болады. Біз гей болсақ та мұсылманбыз» – дейді Джаед.
24 жастағы Джаэд Чоудхури Бангладештегі қарапайым мұсылман отбасында дүниеге келген. Кішкентайынан ол өзінің басқа балалардан артықшылығын аңғаран. Мәселен, Джаэд өзі қатарлы балалар сияқты футбол ойнағанды емес, керісінше, сән әлемін тамашалағанды жақсы көретін болған.
Мектепте достарының мазағынан шаршайтын ол үйге келсе, әкесінен де сөз еститін көрінеді. Себебі, әкесі ұлының қылықтарынан қорқып, оны оқитын мектебінен ауыстырып, тіпті, қызға үйлендірмек болған. Бірақ ол әрекеттерінен түк шықпаған көрінеді.