$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда жұмысшылардың жатақханасы өртеніп, 4 адам тірідей жанып кетті

Атырау облысында Қарабатан «Газтурбиналық электрстансысы» құрылыс нысанының аумағында контейнер типтес жатақхана өртенді. Қазіргі уақытта қаза болған 4 адамның денесі табылды, 4 адам зардап шеккен. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Қарабатан «Газтурбиналық электрстансысы» Атырау қаласынан шамамен 40 шақырым жерде, Қызылқоға ауданы аумағында салынуда. Ол вахталық қалашықта орналасқан. Өрт бүгін, таңғы сағат 08.41-де шыққан.

«Өрт кезінде жатақханада түнгі ауысымдағы жұмысшылар - шамамен 20 адам болды. Осы уақытта 4 адамның мәйіті табылды. Тағы 4 адам зардап шекті», - деп атап өтті Р.Иманқұлов.

Жалын шарпыған аумақ 500 шаршы метр шамасында. Өрт 10.25-те оқшауланып, 10.45-те толығымен сөндірілді. Оның шығу себептері анықталу үстінде. Тілсіз жауды ауыздықтауға Атырау облыстық өрт сөндіру қызметінің 11 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары