$ 494.87  520.65  4.91

Дидар Амантай, саған сол керек: Желі қолданушысы Гүлбаршынмен жалған некеге отырған жазушыға жекіп тастады

Дидар Амантаймен біраз уақыт отбасылы болдық деп бұған дейін әнші Гүлбаршын Тергеубекова телеарналардың біріне сұхбат берген болатын. Бұны бұқаралық ақпарат құралдарынан көре салысымен, жазушы да дереу жауап қайтарған. Сондағысы – әнші оның қалтасын қағып, пайдаланыпты-мыс.

Дидар Амантайдың Гүлбаршын жайлы жазған жазбасын sn.kz сайтына жариялаған болатынбыз. Материалды оқыған оқырман болған оқиғаға тек жазушының кінәлі екенін айтып, сөгіп тастады.

«Дидар Амантай, саған сол керек. Сені біреу қинап қосты ма Гүлбаршынға. Жасырын некеге тұрып не басыңа күн туды? Негізі неке жасырын болмауы керек. Өз отбасыңды тастап бара жатқанда не ойладың? Енді келіп мыңқылдайсың. Халық енді саған не істесін? «Қалтасы қағылып қалыпты байғұстың» деп ақша жинап берсін бе? Мұны неге жариялап отырсың? Тура мағынадағы ақымақтық»,  – деді Дариға Құлмаханова есімді желі қолданушысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары