$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте ұзақ уақыт бойы ауруымен күрескен Виола Балан қайтыс болды

Ауыр сырқаттанған шымкенттік Виола Балан қайтыс болды. Кішкентай қыз екінші отасын жасатуға жете алмаған. Бұл туралы сәбидің емі үшін ақша жинап жүрген еріктілер мәлімдеді.

Бүгін таңертең ерте Виоланың анасы еріктілерден Берлинге барар жолға қажетті қаражатты жинауға көмектесуін сұрапты. Алайда, көп ұзамай кішкентай қыз көз жұмды. Оның ағзасы аурудың асқынғанына төтеп бере алмаған. Виола Балан туғанынан бастап сирек кездесетін жүрек ауруы - Шон дертімен ауырады.

Бұған дейін науқас сәби қайырымды жандардың көмегімен Германияға барып операция жасатып келген болатын. Оның отасына 100 еуродан астам, жолына 40 мың еуро қаражат жұмсалған. Виолаға көмекке ол кезде тек қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де жұмылған еді.

18 сағатқа созылған операция сәтті өткен. Неміс дәрігерлері осылай айтты. Қыздың да жағдайы едәуір жақсарып, ол оңалу процесін бастан өткізіп жатқан еді. Алайда, осыдан бірер күн бұрын Виоланың анасы қызының жағдайы бір күнде нашарлап, жансақтау бөліміне түсіп қалғанын хабарлаған болатын. Сәбиге Германияда екінші операция жасалу керек болған. Алайда, Виоланың жүрегі оған шыдамады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары