$ 494.87  520.65  4.91

Астанадағы өрттен балаларды құтқарған құрылысшыға Bi Group компаниясы пәтер берсе жарасады - блогер

Күні кеше Астанадағы «Nova City» тұрғын үй кешенінің №2 ғимаратында өрт болып, 5 адам құтқарылған болатын. Олардың екеуі кішкентай бала. Балаларды осы кешенде құрылыспен айналысып жүрген 4 жігіт аман алып қалыпты. Жұмысшылар өрт сөндірушілердің келгенін күтпей, өз өмірлерін бәске тігіп, 7-қабаттың терезесі арқылы оларды сыртқа алып шыққан.

Осы оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде ерлік көрсеткен төрт жігіттің суреттері жарияланып, желі қолданушылары олардың әрекеттерін елеусіз қалдырмауды талап етуде. Facebook қолданушысы Ұлан Әбішев те осындай пікірде. Блогер өз парақшасында бейбіт күннің батырларының суретін жариялап, аты-жөндерін тізіп шыққан. Сондай-ақ, ол «Bi Group» компаниясының басшысы Айдын Рахымбаевтан 7-қабатқа қауіпсіздік белбеуінсіз өрмелеп шыққан жұмысшыға дәл осы кешеннен пәтер беруін де сұрады. Өйткені «Nova City» тұрғын үй кешенін салып жатқан «OTAU Development Group» «Bi Group-тың» еншілес компаниясы.

«Өрттің кезінде құтқару жұмыстарына қатысқан барлық жігіттерді марапатқа ұмсыну керек. Олардың аты жөндері: Жасұлан Байсейітов, Ақылбек Жахайымов, Әділбек Дағыстан, Руслан Беріков. Ал, 7-қабатқа қауіпсіздік белбеуінсіз өрмелеп шыққан жігітке BI Group компаниясы осы тұрғын үй кешенінен пәтер сыйласа жарасады», - дейді Ұлан Әбішев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары