$ 444.32  473.33  4.76

«Рахметтерің жоқ, біз сендерге осындай мемлекет тұрғызып бердік»: павлодарлық депутат Бороздинаның мұнысы несі?

Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Жанна Бороздинаның әлеуметтік желіде жазған пікірі қазақстандықтардың наразылығын туғызуда. Заңгер әрі блогер Руслан Түсіпбековтің айтуынша, "халық қалаулысы" Facebook желісінде ұлттық алауыздықты қоздыратын жазба қалдырған көрінеді.

Қоздырады дейтіндей, депутаттың жазбасында нақты бір ұлттың атауы көрсетілмеген. Десе де, ол кімді меңзеп тұрғаны белгілі дейді блогер. Қаншалықты белгілі екенін Бороздинаның пікірінен өзіңіз де байқап көрсеңіз болады. Жазбаны қаз-қалпында өзгертпей назарларыңызға ұсынамыз:

«...Неблагодарные, такую страну отстроили, дали всем бесплатное образование, здравоохранение, жилье. Нате разворовывайте. Потому что без них нихрена сами сделать не могут...», - делінген Жанна Бороздинаның әлеуметтік желіде жазған жазбасында.

Ал, егер қазақ тіліне аударар болсақ...

«...Рахметтері жоқ, осындай мемлекет тұрғызып бердік, бәріне тегін білім, медицина, баспана бердік. Енді мә, тонаңдар бәрін. Өйткені онсыз өздері түк те істей алмайды...».

Руслан Түсіпбековтің айтуынша, дәл осындай пікір үшін ҚР Қылмыстық кодекстің 174 бабы (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) бойынша іс те қозғауға болады екен.

«Оның "олар" деп кімді меңзегені айтпаса да түсінікті сияқты. Мұнда ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы көрініс тапқан. Құзырлы органдар бұл жазбаға назар аудар ма? Облыстық, қалалық әкімшілік, ішкі саясат бөлімдері қайда қарап отыр?», - дейді заңгер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары