Бір бөлмелі үйде тұратын келіншек үйіне үлкен енесінің кіріп алғалы өмірі қиындап кеткенін айтты. Үлкен кісінің кесірінен төсек ләззатынан қағылдым деген ол күйеуін өзінен суытып аламын ба деп қорқатынын жасырмады. Бұл туралы хатты ол Instagram-парақшасындағы «Үшбу хат" тобына жолдаған.
«Сәлеметсіз бе. Жасым 25-те, тұрмыс құрғанмын. 2 қызым бар. Басымнан өтіп жатқан түсініксіз өміріммен бөліскім келеді. Қандай ақыл кеңестеріңізді айтасыздар? Менің ойым сан-санақта. Айтпағым, қалада бір бөлмелі уйде тұрамыз. Жақында ауылдан енемнің енесі келді. «Мен сендермен бірге тұрамын» дейді. Бұрын ауылда тұрушы еді. Қызымен сыйыспай келді. Сол енем келгелі күйеуім екеуміз төсек қатынасында мүлдем болмай жүрміз. Бір бөлменің ішінде ыңғайсыз. 1 айда бір рет қосыламыз. Ал мен оған мүлдем қарсымын. Жыным келеді. Болмай жүрген соң ашушаң болып біттім. Не жеке əңгіме айта алмаймыз. Енеме де кет деп айта алмаймыз. Бұл тығырықтан шығу үшін нестеу керек? Күйеуімді суытып аламын ба деп қорқамын. Басқа біреуге кетіп қала ма деген қорқыныш тағы бар. Кішкентай қызым 4 ай айлық. Шаршап кеттім?», – деп келіншек жұрттан ақыл-кеңес сұрады.