Тұрмысқа шыққанына 4 жыл болған келіншек әлі күнге пәк екенін айтып, жұртты таң қалдырды. Сонша жыл өтсе де күйеуімен жақындаспаған екен.
«Сәлеметсіздер ме! Сіздердің ойларыңызды білгім келеді. 4 жылдан бері тұрмыстамын. Бірақ күйеуім маған жақындамайды. Мүлдем төсек қатынасында болған емеспіз. Басында шыдап, емделеді деп күттім. Нәтиже жоқ. Нәтижеден бұрын ынтасы жоқ. Шаршап кеттім. Мен әлі қызбын. Сәби сүйгім келеді. Соңғы кезде көп ұрысамыз. Кетіп те қалғым келеді. Бірақ қимаймын. Жыным келеді. Қасымды жай жатқанға мәз. Балалы болуды ойламайды. Шыны керек қасындағы достары да қызығып қарайды маған. Көшеде жігіттер де қарайды. Айырылысудан басқа ештеңе көріп тұрған жоқпын. Не істесе болады? 4 жыл бәлкім біреуге күлкілі болар?», – деп келіншек Instagram-парақшасындағы «Үшбу хат» тобында көптен кеңес сұрады.
Көпшілік қызға «күйеуіңді қалай да болса дәрігерге көрсет» деп кеңес берді. Ал енді бірі жігіттен «Гей ме?» деп күдіктенгендерін де жасырмады.