05.03.2018, 11:15

Қайрат Айтбай: «Біз жағдайы жоқ дін қызметкерлеріне қаржылай көмектесеміз»

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әр түрлі әлеуметтік жобаларды қолдауға арналған «УАҚЫП» корпоративтік қайырымдылық қоры құрылды. «УАҚЫП» қайырымдылық қоры коммерциялық емес ұйым, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қатысуымен құрылды. Оның Президенті болып әр түрлі мекемелерде үлкен тәжірибесі бар Қайрат Айтбай тағайындалды. Бүгін біз Қайрат Орынбайұлымен сөйлесіп, қор қызметінің негізгі бағыттары туралы кеңірек білдік.

- Қайрат Орынбайұлы, қор не үшін құрылды және немен айналысады?

- Қордың негізгі миссиясы – жеке және заңды тұлғалар тарапынан бөлінген қаржы есебінен қайырымдылық жасап, әлеуметтік жобаларды қолдау болып табылады. Егер біздің мақсаттарымызды кеңірек қарастыратын болсақ, келесідей: әлеуметтік жағынан аз қорғалған азаматтарға материалдық көмек көрсету, оларды қолдап, қорғау, халықтың діни сауатын арттыруға көмектесу, радикализм мен діни экстремизмнің алдын алу, діни мекемелерге және оның қызметкерлеріне қолдау көрсету.

- Діни қызметкерлерге қандай көмек көрсетілетін болады және қашан?

- Бұл қордың жұмысындағы басты бағыттардың бірі. Діни қызметкерлер өз қызметтері үшін аз ғана ақша алады. Бюджеттен бұл үшін қаржы бөлінбейді. Сондықтан біздің жұмыс басталды және материалдық көмекке мұқтаж және алыс ауылдарда тұратын 305 діни қызметкеркерге, түрмелерде теріс ағым өкілдерімен жұмыс істейтін теологтарға жалпы сомасы 31 миллион теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді.

Аз қамтылған отбасылардан шыққан 5 студент 2017-2018 жылғы оқу жылына «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде білім алу үшін қаржылай көмек алды.

90 діни қызметкер діни экстремизм мен радикализм жөніндегі білім беру қызметінің сапасын арттыру үшін біліктілікті арттыру курсына жіберілді және бұл жұмыс келер жылы да жалғасын таппақ. Оның үстіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы имамдарының білімін жетілдіру, ислам институтына оқыту шығындарын жабуға, ғимаратқа жөндеу жүргізуге 16 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Ақтөбе қаласының мешітіне «Hyundai Creta» көлігі берілді, Ақтөбе облысының шалғай аудандарында ақпараттық-ағарту жұмысын жүргізуге арналған темір тұлпарды осы өңірдің кәсіпкері сыйға тартты.

- Қайырымдылық жасауға ниет танытқан азаматтар қорға қаржыны қалай аудара алады?

- Қорға қаржыны аударудың бірнеше жолы бар. Қордың «Қазақстан халық банкі» АҚ ашылған есебіне жолдай алады. Тиісті реквизиттер қор сайтында жарияланған (www.waqyp.kz). Сонымен қатар, қор кассасына төлей алады немесе барлық қоғамдық орындарда орналасқан QIWI терминалдары арқылы аудара алады. Ақша аударудың тағы бір жолы – ресми сайтымыз арқылы. Қордың ресми сайты өз жұмысын бастады, ал төлем функциясы жақын арада іске қосылады.

Мұнан бөлек, қордың мабильді қосымшасы жасалып жатыр, ол жүйе арқылы онлайн режимде ақша аударуға болады.

Жобаларды қарастыру мен іріктеп алу процедурасын реттейтін құжаттардың барлығы қордың сайтында бар, кез келген азамат құжаттарды өзіне жүктеп ала алады.

Сонымен қатар, біз өнім өндірушілерді бірлесе қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруға шақырамыз, яғни акциялар өткізу арқылы, тауар сомасына қорға бөлінетін қайырымдылыққа арналған қаржыны қоса аламыз. Осы жағдайда өндіруші сауда-саттық жүргізу үшін өзіне мүмкіндік ашады, ал қор әлеуметтік жобаларды іске асыруға қаржы жинайды.

- «УАҚЫП» Қазақстандық қоры» әділет органдарында өткен жылдың 1 шілдесінде тіркелді. Осы жарты жылдың ішінде қандай жұмыс атқарылды?

- Бүгінгі таңда біз бірқатар әлеуметтік жобаларды іске асырдық, кейбірін жүзеге асыру барысындамыз. Қор Ақтөбе қаласында әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға 4 подъезден құралған 4 қабатты үй құрылысына қатысуда. Сонымен қатар, Алматыда спорт алңдарында салуға ат салысып келеді.

Біз ұлттық спорт түрлерін насихаттау жолында бірқатар шараларды өткіздік және балалар мен жасөспірімдер спорты, аула ойындарын дамытуға көмек көрсетіліп келеді.

Мысалы, қор бастамасы бойынша өткен жылдың қазан айында Әлем және Азия чемпионы Бейбіт Ыстыбаевтың қатысуымен Жамбыл облысы Қордай ауданыда қазақ күресінен жарыс өткізілді, өткен жылдың қараша айында Оңтүстік Қазақстан облысында «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынынан жастар арасында федерация сыйлығы үшін әлем чемпионы Ғалымжан Темірбаевтың қатысуымен турнир өткізілді.

Халықаралық қайырымдылық ұйымдарымен байланыс орнату жөнінде жұмыс жүргізілуде, еліміздегі мүгедектерге гуманитарлық көмек ретінде 250 мүгедектер арбасын тарату көзделген.

Астана қаласында Петрова 23 көшесінде, «Сұлтан» сауда орталығында «Уақып» бұрышы ашылды. Дүкенде сағат 12:00-15:00 аралығында өткен жылдың соңына дейін сүт пен нан зейнеткерлер мен мұқтаж жандарға тегін таратылады. Осы жылы да бұл акция аптаның әр жұмасында сағат 12:00-15:00 арасында жыл бойы өткізілетін болады.

- Сіздердің басқа да қоғамдық ұйымдарымен байланыстарыңыз қандай және қайырымдылық шаралары аясында бірлесе жұмыс істеу үшін нақты келісімдеріңіз бар ма?

- Жақында Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайымовпен кездестік және отырыс барысында ол қордың қайырымдылық акцияларына қатысуға ниет танытты. Федерация басшысы дін қызметкерлеріне еліміздегі демалыс орындарына жолдама беруге келісті.

Жақында Алматы қаласында Қазақстандық Митрополиттік аймақтың әкімшілік және рухани-мәдени митрополит Иосиф (Чернов) атындағы орталығында Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездестім. Кездесу Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бастамасымен өткізілді. Онда қарастырылған басты тақырып Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылында жанып кеткен православ шіркеуін қалпына келтіруге қордың ат салысуы мәселесі. Кездесу нәтижесі бойынша қор шіркеуді қалпына келтіру үшін 1 000 000 теңге бөлді.

Қордың бастамасы бойынша әлеуметтік ролик әзірленіп, таратыла бастады, оның басты мақсаты жастар арасында патриотизм сияқты қисеттерді сіңіруге, анаға деген махаббатты арттыруға, жақындары мен мұқтаж жандарға көмек көрсетуге ықпал етеді деген сенімдеміз.

Жақында тағы бір әлеуметтік «Қайран өмір» атты қысқаметражды фильм шығарылады және көрермен өз бағасын бере жатар.

Сонымен қатар, қор тапсырысы бойынша отбасындағы және қоғамдағы құндылықтарды сақтау, дәстүрлі ислам құндылықтарын және ата бабамыздың мұраларын дамытуды насихаттауға арналған толықметражды фильмнің түсірілімі жүріп жатыр.

Қордың өтініші бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты 30 мың данамен кітап шығарылды.

- Бөлінген қаржының мақсатты түрде жұмсалғанын қалай бақылайсыздар?

- Жұмыс барысында тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отырады, қайырымдылық шараларының тиімділігі және қаржының тиісті мақсатта жұмсалғаны бақыланып отырады. Бұл жұмысты қордың менеджері өңірлердің дін істері басқармалары мен діни бірлестіктердің өкілдерімен бірлесе жүргізеді.

Терең талдау, қайырымдылық жобалар аясында іс-шараларды бірлесе ұйымдастыру, жобаны іске асыру жөнінде кеңес беру, бюджетті білікті басқару қор менеджеріне қайырымдылық жобасын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Қор менеджері көмекке жүгінген азаматтардың есебіне қарап, айдың 10 жұлдызына қарай қаржының мақсатты түрде қолданылғаны мен шараның тиімділігіне байланысты жалпы есеп жасайды, ал қор есептің ашықтығын қамтамасыз етеді.

- Жақында қордың қамқоршылар кеңесінің отырысы өткізілгені белгілі, отырыста қандай мәселелер талқыланды және қандай да бір өзгерістер бар ма?

- Қамқоршылар кеңесінің кезекті отырысы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың басшылығымен өткізілді.Отырысқа кеңс мүшелдері мен мемлекеттік орган өкілдері және қоғамдық ұйымдар қатысты.

Нұрлан Ермекбаев жиналғандарға кеңестің жаңа мүшелерін таныстырды. Кеңес құрамына Бас мүфти Серікбай қажы Ораз және «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмагазиев енді.

Кеңес отырысында өткен жылда атқарылған қызмет қорытырндыланып, ағымдағы жылдың бюджеті бекітілді. Соынмен қатар, қорға еншілес компанияны, үкіметтік емес ұйымды ашу сияқты мәселелер мен қор жарғысына өзгерістер тенгізу жайы талқыланды.

Айта кету керек, соңғы уақытта көптеген азаматтар мен кәсіпкерлер қор арқылы сауапты іс жасауға талпынып жатыр. Біздің басты мақсатымыз қызметіміздің ашықтығын қамтамасыз ету. Барлық түсіп жатқан қаржы әлеуметтік жобаларға бағытталып жатыр.

- Өткен жылы Ақтөбе қаласында Ақтөбе колледж медресесінің құрылысының басталуына қатыстыңыз. Осы жобаны іске асыру барысында қор қандай қызмет атқарады?

- Шын мәнінде бұл Ақтөбе қаласы үшін қажет жоба. Қала әкімдігі білім ордасының құрылысы үшін 5 гектар жер бөлді. Оның құрылысын 2020-2021 жылдарға қарай аяқтау жоспарланған. Осыған дейін діни оқу орын ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан білім беру лицензиясын алған болатын. Айта кету керек, Ақтөбе қаласының медресесі еліміздегі колледж дәрежесін алған осымен 5-ші медресе. Колледж аумағында білім беру орталығынан бөлек басқа да нысандар орналасатын болады. Біз өз кезегімізде білім ордасының аумағында діни қызметкерлер мен мұқтаж жандарға арналған 4 подъезден құралған үй салмақпыз.

Осы сияқты жобаларды Астана мен Алматы, Қызылорда облыстарында іске асыру жоспарланып отыр. Қазір өңірлерде осы жағдайды зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сұхбатыңызға рахмет!