Шымкентте өзіне қол жұмсаған оқушының өліміне қатысы бар деген күдікпен жоғары сыныптың 17 жастағы өзге оқушысы қамауға алынды. Бұл туралы otyrar.kz порталы жазған.
Қайғылы оқиға биыл 10 ақпанда болған еді. №83 мектептің оқушысы өз үйінің ауласындағы сарайда асылып қалған. Ата-анасы оның қалтасынан жыртылған хат тауып алғанын айтқан еді. Қағазда марқұм өз өліміне кінәлілердің аты-жөндерін жазып қалдырған.
Өз-өзіне құл жұмсауға итермелеген және ақша бопсалағаны үшін № 83-ші жалпы орта мектебінің 17 жасар оқушысы қамауға алынды. Мұндай санкцияны күдіктіге қатысты Қаратау аудандық соты шығарды. Нәтижесінде осы мектепте оқитын бір балаға қатысты Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабымен іс қозғалды. Қазір соталды тергеу жұмыстары басталды. Нәтижесі алдағы күндері белгілі болмақ.